Вакциналаудың қысқаша тарихы: ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін

Дереккөз: egu.kz

Covid-19 індеті адамзатқа жұқпалы аурулар қаншалықты қауіпті әрі жойқын болатынын және сол кезде екпе қалыпты жағдайға оралу үшін жалғыз үмітке айналатынын еске түсірді.

1000

Біздің дәуірімізге дейінгі 1000 жылдары қытайлар шешекке қарсы екпе (немесе вариолдау, шешекпен күресу үшін ауру материалын пайдалану) қолданғанын көрсететін деректер бар. Еуропа мен Америкаға таралмас бұрын, Африка мен Түркияда да қолданылған.

img

1475

Шипагер және ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы Қазақстан аумағында бірінші болып шешекке қарсы вакцинаны жасап шығарды. Сондай-ақ ол «Шипагерлік баян» деп аталатын көрнекті емдік-этнографиялық еңбектің авторы болды

img

Шипагер және ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы

1600

Вариоляция тәжірибесі Ұлы Жібек жолының арқасында көптеген елдер мен өңірлерде кеңінен таралды.

1796

Эдвард Дженнер 1796 жылы шешекке қарсы иммунитет түзу үшін сиыр материалын сәтті қолданнан соң бұл тәжірибе тез арада кең тарады. Оның әдісі алдағы 200 жыл ішінде медицина мен технологияны өзгертіп, ақырында шешектің жойылуына әкелді.

img

Эдвард Дженнер, шешекке қарсы екпе жасаған

1804

Қазақстан аумағында шешекке қарсы екпе салатын алғашқы фельдшерлер пайда болды. 1870 жылы Оралда шешекке қарсы екпе салушыларды даярлайтын алғашқы училище ашылды.

1885

1885 жылы Пастерге бар үмітін артып 9 жасар баланы әкелді, әлемде бірінші рет құтыру ауруына қарсы вакцина алған және құтырған ит тістегеннен кейін қайтыс болмаған осы бала. Француз ғалымы, химик Луи Пастер көп жыл ізденісінен кейін құтыру ауруына қарсы вакцина ойлап тапқан, бірақ тәжірибелерін тек жануарларға жүргізген. Пастердің ғылыми жаңалығын тиісті түрде мойындамайды, алайда 1886 жылғы құтыру ауруына қарсы сәтті екпелерден кейін, әлем қауымдастығы ғалымның жетістіктерін мойындады. Пастер институтының негізін қалайды. Бұл институт осы күнге дейін ғылым мен адамзаттың игілігі үшін жұмыс істеп келеді және әлемге 8 Нобель сыйлығының лауреатын сыйлады.

1905

Қазақ дәрігері Мәжит Шомбалов оба ауруын зерттей бастады. Қазақстан аумағының шамамен 40% -ы обаның табиғи ошақтарына жатады. 1914 жылы Оралда обаға қарсы алғашқы зертхана ашылды.

img

Қазақ дәрігері Мәжит Шомбалов

1919

Пастер институтының ғалымдары жануарларға жүргізген ұзақ тәжірибелерден кейін әлемге БЦЖ екпесі ретінде кең таралған балалар туберкулезіне қарсы екпені ұсынды. БЦЖ екпесі қазіргі кезге дейін қолданылады және балалар туберкулезінің ауыр түрлерінің алдын алады, бұл инфекцияның өлімін 90%-ға азайтады.

1925

ҚазКСР-да медициналық бейіндегі алғашқы ғылыми-зерттеу институты — Эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар институты құрылды. Сол жылы Қазақстанда обаға қарсы вакцинаның 50 миллион дозасы өндірілді.

img

Архив НТД

1950

20 ғасырдың ортасы — екпе зерттеу мен дамыту белсенді жүрген уақыт. Зертханада вирусты өсіру әдістері тез арада жаңалықтар мен инновацияларға, соның ішінде полиомиелитке қарсы екпе жасауға әкелді. Балаларды полиомиелитке қарсы вакциналау нәтижесінде инфекция жағдайы 99%-ға азайды. 1955 жылы ҚазКСР-да полиомиелитке қарсы вакцина қолданыла бастады, ал 1962 жылы Қазақстан аумағында ұжымдық иммунитет қалыптасты. Қазір көптеген елдер, оның ішінде Қазақстан полиомиелиттен таза аймақ ретінде танылды.

1956

Қызықты факт, 1956 жылы 28 қазанда рок-н-ролл жұлдызы Элвис Пресли АҚШ Ұлттық телевизиясында полиомиелитке қарсы екпе алды. Аурудың жойқын әсеріне қарамастан, вакциналау науқанына халық сене қоймаған болатын. Оның тікелей эфирінен кейін АҚШ-та полиомиелитке қарсы вакциналау қарқыны жеделдеп, елде балаларды өлмей, сонымен бірге тірі қалғандарды аяусыз емдеген ауруды түбегейлі жоюға қол жеткізді — бұл  ауру өмір бойы аяқ-қолдың салдануына әкелетін еді. 1960 жылға дейін қызылша және көкжөтел-дифтерия-сіреспеге (АКДС) вакциналар жасалды. Олар балаларға екпе салу күнтізбесінің негізін қалады, аталмыш күнтізбе қазір көптеген елдерде енгізілген.

1967

Бұрын шешек ауруы - негізгі өлім себебінің бірі болып саналды, аурудан халық жиі есту, көру қабілетінен айрылатын, шешек тыртықтары бүкіл денені қамтитын еді. ДДСҰ адамзатты жаппай вакциналау арқылы шешек ауруын жоюды күшейту туралы шешім қабылдайды. Шешекке қарсы жалпы вакциналау науқаны шамамен 10 жылға созылады. 1980 жылы ДДСҰ халық арасында шешек ауруын толығымен жойғанын жариялады. ХХ ғасырда шамамен 300-500 миллион адам шешек ауруынан қайтыс болған, бұл екі дүниежүзілік соғыстың құрбандарынан әлдеқайда көп. Қазір вирустың үлгілері АҚШ-тағы зертханада сақтаулы, балалар да, ХХІ ғасырдағы ересектер де бұл аурудан зардап шекпейді.

1971

Бала мен нәресте өлімінің басты себебі болған инфекцияларға қарсы екпе әзірлеу үшін америкалық ғалым Моррис Хиллеман қаржылай қолдау тапты. Көптеген ел қызамық, қызылша және паротитке қарсы вакциналауды бастады. ҚҚП вакцинасын қолдану онжылдықтары ішінде балалар өлім-жітімін минимумға дейін төмендетті. Мысалы, АҚШ-та вакцинаны қолданған 20 жыл ішінде 52 миллион жағдайдың, 17 400 мүгедектіктің және 5200 өлімнің алдын алды. Екпе осы күнге дейін қолданылады және Қазақстан Ұлттық егу күнтізбесіне кіреді.

1990

Өткен ғасырдың 90-шы жылдары ТМД үшін экономикалық және саяси тұрғыдан ғана емес, дифтерия індетімен де ерекшеленді. Саяси тоқырау және азаматтардың Кеңес Одағына деген сенімсіздігі 1980 жылдары вакциналаудан жаппай бас тартуға әкелді, ал 1990-1993 жылдары вакциналау бағдарламасы бұзылды, бұл уақыт бомбасы ретінде жұмыс істеді. Бұл бас тартудың салдары бірнеше жылдан кейін айқын көрінді, мысалы, Ресейде дифтерия жағдайларының саны жыл сайын 200%-ға өсті, жыл сайын 1000-нан астам адам қайтыс болды. Дифтерия Тәжікстанға қатты соққы берді, көптеген бала өлімі дәрігерлердің ұзақ жылдар бойы уақытылы диагноз қою үшін тиісті тәжірибесі болмауымен байланысты болды. Иә, екпе арқасында дәрігерлер көптеген инфекциялардың өте сирек кездесетініне сеніп, ауруларға назар аудармады. Тек балалар мен ересектерге арналған вакцинация науқанының арқасында індет жойылды. Дифтерия - бұл тыныс алу жолдарын бітеп тастайтын инфекция, антибиотиктер көбіне тиімсіз, өйткені негізгі қоздырғыштың өзі зиян емес, оның токсині зиян. Дифтериядан  қайта вакциналауды ересек адамдар әр 10 жыл сайын жүргізуі керек.

1998

Бұрынғы дәрігер Эндрю Уэйкфилдтің аутизм – қызылша, паротит және қызамыққа қарсы екпемен байланысын ұсынған мақаласы шықты. Мақала вакциналаудан бас тартуға әкелді, соның салдарынан дүние жүзі бойынша сырқаттану пен өлім-жітімді арттырды. Кейінірек мақала кері қайтарылып, тергеу мүдделер қақтығысы мен деректерді бұрмалау фактісін ашты. Бірақ екпе мен аутизмнің байланысын жоққа шығаратын ондаған зерттеулер жағдайды жақсартпады, даму кешігуі бар балалардың көптеген ата-ана, баланың жағдайын вакцинациямен байланыстырады және көптеген жыл бойы баланың денсаулығы үшін кінәлі сезіммен өмір сүреді. Кейбір сарапшылардың пікірінше, адамзат қызылшадан толықтай арылуға жақын болды, өйткені бұл шешек сияқты, бірақ Уэйкфилдтің жалғандығының салдары ғылымның жетістігін ондаған жыл бұрын жоққа шығарды.

2019

Вакциналау медицинаның ең зор жаңалығы ретінде оның жетістігінің кепілі болды, жұқпалы аурулар мен асқынулардың санын азайтып, иммундау қажеттілігіне күмән тудырды. ДДСҰ вакцинациядан бас тартуды және вакциналауға қарсы қозғалысты денсаулық сақтаудың он жаһандық проблемасының бірі деп таныды. Сенімді дәлелдердің болмауына қарамастан, вакциналауға қарсы қозғалыс бүкіл әлемде халықтың қолдауына ие болды. 2019 жылы әлемде соңғы 23 жылда қызылшаның қатты өршуі тіркелді. 2019 жылы қызылшамен ресми түрде 13 мыңнан астам адам ауырған, бірақ оған қарсы екпе ұлттық күнтізбеге кіреді.

2021

2020 жылы SARS-Cov-2 вирусының індеті болды, ол бір жарым жыл ішінде ресми түрде 3 миллионнан астам адамның өмірін қиды. Ғылыми қауымдастықтың күш-жігері мен ынтымағы арқасында әлемдегі алғашқы мРНҚ екпесін жер жаһанға паш етті. Бұл технология ондаған жыл бойы дамып келеді, бірақ ол тек коронавирус пандемиясына байланысты вакциналауда қолданылды. Тым қысқа мерзімде ондаған вакцина жасалды, олар сәтті қолданылды, 2021 жылдың маусым айындағы жағдай бойынша 400 миллионнан астам адам вакциналаудан өтті.

img

2022

Балаларға жоспарлы екпе салудан бас тарту және әскери қақтығыстар полиомиелиттің қайта туындауына себеп болды. Ауғанстан мен Пәкістаннан басқа, 2021 жылы полиомиелит ауруы және одан кейінгі асқыну жағдайы Тәжікстан мен Украинада, ал 2022 жылы Ресей Федерациясының аумағы, Ингушетияда тіркелді. 2022 жылдың қараша айында ДДСҰ 2021 жылы COVID-19 пандемиясына байланысты 40 миллионнан астам бала қызылшаға қарсы екпе алмағаны туралы айтты, бұл 2019 жылы тіркелгеннен әлдеқайда ауқымды қызылша індетінің өршуіне әкелуі мүмкін.

Read more

Қосымша екпелер

Дереккөз: egu.kz Қазақстанның Ұлттық екпелер күнтізбесіне туберкулез, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, В гепатиті, полиомиелит, b типті гемофилдік инфекция, пневмококк инфекциясы, қызылша, қызамық және паротит сияқты 11 қауіпті инфекциядан қорғайтын 8 вакцина енгізілген. А гепатитіне қарсы тоғызыншы вакцина жергілікті бюджет есебінен сатып алынады, оны екі жасқа толған балалар тегін ала алады.

By Zulfiya Urunova

АПВ вакцинасы: адам папиллома вирусына қарсы

Дереккөз: egu.kz Қазақстан Республикасының Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес, АПВ-ға қарсы вакцина ата-анасынан немесе қамқоршыларынан рұқсат алынғаннан кейін 11 жастағы қыздарға енгізіледі. Вакцинацияның толық курсы – алты айлық аралықпен екі доза. Жоспарлы вакцинацияны 11 жасында өткізіп алғандарға, қыздардың 12-13 жасында вакцина алуға мүмкіндіктері болады. АПВ-ға қарсы вакцина қазақстандық егу күнтізбесінде әртүрлі

By Zulfiya Urunova

А гепатитіне қарсы вакцина

Дереккөз: egu.kz Қазақстан Республикасының Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес А вирустық гепатитіне (ВГА) қарсы вакцина балаларға 2 жаста және 6 айдан кейін 2,5 жаста салынады. Қандай вакцина қолданылады Өндіруші: Sinovac Biotech Со., Ltd (Қытай). Инфекциядан қорғайтын А гепатитіне қарсы вакцина А гепатиті А гепатиті — бұл бауырдың вирустық ауруы, ол

By Zulfiya Urunova