Аңыз: Вакциналарда алюминий қауіпті ме?

Дереккөз: egu.kz

«Вакциналарда алюминий деп аталатын ауыр металл бар. Бұл балаларда аутизмнің дамуына әкеледі.»

Алюминий – бұл планетадағы ең көп таралған жеңіл металл. Ол топырақта, ауада, суда және кейбір өсімдіктерде кездеседі. Адам ағзасы күн сайын алюминийдің белгілі бір мөлшерін тұтынады.

Алюминий вакциналарда гидроксид және тұздар түрінде болады: алюминий гидроксифосфат сульфаты, алюминий фосфаты, алюминий сульфаты. Ол вакцинадағы антигенге ағзаның иммундық реакциясын күшейтетін химиялық қосылыс, яғни адъювант ретінде қолданылады. Алюминийдің адъювант ретіндегі әсері 1926 жылы сипатталған және бүгінгі күнге дейін көптеген вакциналарда қолданылады.

Вакциналардағы алюминий қосылыстарының концентрациясы бірнеше клиникалық зерттеулерде зерттелді, бұл нәрестелерде вакциналарда алюминийдің болуына байланысты жағымсыз салдардың пайда болу қаупі өте аз екенін растайды.

Түсінікті болу үшін кейбір вакциналар мен басқа заттардағы алюминий дозаларын салыстырайық:

Вакциналардағы алюминий дозаларыБасқа заттардағы алюминий дозалары
Пневмококқа қарсы вакцина: 0.125 мг/дозаЕмшек сүті: 0.04 мг/л
Гемофильді бациллаға қарсы вакцина: 0.225 мг/дозаБалалар қоспасы: 0.225 мг/л
Менингококқа қарсы вакцина: 0.25-0.52 мг/дозаАспирин: 10-20 мг/л

Осылайша, вакциналарға қарағанда,  балалар өмірінің алғашқы алты айында тамақ арқылы әлдеқайда көп алюминий мөлшерін бойына сіңіреді.

7 жасқа дейін барлық вакциналардың құрамында бала шамамен 3.6 мг алюминий гидроксидін алады. Бұл доза бір реттік енгізгенде де улы емес.

Read more

Қосымша екпелер

Дереккөз: egu.kz Қазақстанның Ұлттық екпелер күнтізбесіне туберкулез, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, В гепатиті, полиомиелит, b типті гемофилдік инфекция, пневмококк инфекциясы, қызылша, қызамық және паротит сияқты 11 қауіпті инфекциядан қорғайтын 8 вакцина енгізілген. А гепатитіне қарсы тоғызыншы вакцина жергілікті бюджет есебінен сатып алынады, оны екі жасқа толған балалар тегін ала алады.

By Zulfiya Urunova

АПВ вакцинасы: адам папиллома вирусына қарсы

Дереккөз: egu.kz Қазақстан Республикасының Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес, АПВ-ға қарсы вакцина ата-анасынан немесе қамқоршыларынан рұқсат алынғаннан кейін 11 жастағы қыздарға енгізіледі. Вакцинацияның толық курсы – алты айлық аралықпен екі доза. Жоспарлы вакцинацияны 11 жасында өткізіп алғандарға, қыздардың 12-13 жасында вакцина алуға мүмкіндіктері болады. АПВ-ға қарсы вакцина қазақстандық егу күнтізбесінде әртүрлі

By Zulfiya Urunova

А гепатитіне қарсы вакцина

Дереккөз: egu.kz Қазақстан Республикасының Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес А вирустық гепатитіне (ВГА) қарсы вакцина балаларға 2 жаста және 6 айдан кейін 2,5 жаста салынады. Қандай вакцина қолданылады Өндіруші: Sinovac Biotech Со., Ltd (Қытай). Инфекциядан қорғайтын А гепатитіне қарсы вакцина А гепатиті А гепатиті — бұл бауырдың вирустық ауруы, ол

By Zulfiya Urunova