Аңыз: Тым көп екпе жасату – иммунитетке әсер етеді
Дереккөз: egu.kz
Олай емес. Балалар күнтізбесіне енгізілген қазіргі екпелерде жалпы 200- ден аспайтын антиген (антиген – ағзаға түскен бөтен зат) болады. Ал 1960-1980 жылдары қолданылған вакциналарда 15000-нан астам антиген болған. Бала әдетте суық тиіп ауырған кезде, балада 10 антигенге дейін болады, тамақ ауруы кезінде (ангинада) одан да көп – 25-тен 50 антигенге дейін болады. Осылайша, тіпті әдеттегі инфекцияларды жұқтырған кезде иммунитетке түсетін күшті вакциналармен салыстыруға да келмейді.
Бірдей вакцинаның көптеген дозаларын балаларға неліктен салады?
Құрамдастырылған АбКДС вакцинасы, пневмококкқа, В гепатитіне қарсы вакцина және басқалары өмірінің алғашқы бір жарым жылында сәбиге бірнеше рет салынады. Мұның себебі – қажетті иммундық жауапты қалыптастыруға көмектесетін «бустерлі» (күшейткіш) әсерде. Бала неғұрлым кішкене болса, оның вакциналарға иммундық жауабы соғұрлым әлсіз болады. Сондықтан да қорғанышқа қажетті иммунитетті қалыптастыру үшін қосымша дозалар қажет. Бала неғұрлым үлкен болса, соғұрлым аз дозалар қажет. Бірақ бұл баланың иммунитеті екпе жасату үшін «пісіп жетілген» кездегі жасты күту керек дегенді білдірмейді, өйткені олар қорғайтын инфекциялар өмірінің алғашқы екі жылында сәбиге өте қауіпті.
Көптеген екпелерді белгілі бір уақытқа бөлмей, неліктен бір күнде салады?
Профилактикалық егу туралы бұйрыққа сәйкес Ұлттық күнтізбеге кіретін екпелерді бір күнде қосуға және салуға болады. Сонымен қатар, бұл медициналық мекемеге бару санын азайтуға және тиісінше, дәрігерге немесе екпе жасау бөлмесіне кезекте тұрғанда кез келген маусымдық инфекцияны жұқтыру қаупін азайтуға мүмкіндік береді.