Темір тапшылығы және баланың дамуы
Темір тапшылығының негізгі себептері, оның белгілері, сонымен қатар диагностика және емдеу әдістері.
Автор: Молдир Мараткызы
Instagram: doctor_zharaspayeva
Анемияның бала ағзасына әсері
Анемия - қандағы оттегіні тасымалдайтын эритроциитердің және ондағы гемоглобин мөлшерінің төмендеуімен көрінетін ауру.
Ең жиі кездесетін түрі темір тапшылықты анемия, бірақ одан да басқа анемияның түрлері көп.
Бүгін осы ағзадағы темір тапшылығы және темір тапшылықты анемия жайлы айтамыз.
Темір тапшылықты анемия жалпы кіші жастағы балаларда, жасөспірім қыздарда, репродуктивті жастағы әйел адамдарда, оның ішінде жүкті, босанған, емізетін әйелдерде жиі кездеседі. Бұл топтағы адамдардың организмі басқа адамдарға қарағанда темірге қажеттілігі жоғары. Мысалы кіші жастағы балалар олардың денесі белсенді түрде тез өседі, сондықтан ол темір сияқтя құрылыс материалын да көп қажет етеді. Репродуктивті жастағы әйелдер барлығымыз білеміз ай сайын етеккірмен темір жоғалтады, бала көтеріп дүниеге әкеледі, емізеді - ол кездің барлығында анасының организміндегі қажетті микроэлементтердің барлығын баласымен бөліседі.
Күнделікті өмірде біз темірді тағаммен гемдік түрде( ет), гемдік емес түрде (көкөніс, бұршақ тұқымдастар, т.б) қабылдаймыз. Бірақ егер де организмде темір дефициті немесе анемия болса онда оны тек тағаммен толтыру мүмкін емес! Ол кезде міндетті түрде дәрігердің кеңесімен емдеген дұрыс.
❗️Көптеген адамдар ойлайды: егер қандағы гемоглобин норма деп тұрса, барлығы дұрыс деп. Бірақ гемоглобин норма болса да, ағзада жасырын темір дефициты болуы мүмкін және оны да емдеу қажет! Себебі анемия да темір дефициті де организмге әсіресе бала организмінде мида қайтымсыз өзгерістерге де әкелуі мүмкін.
❗️Және де тағы бір қателік - адамдар анализдегі санның жанында тұрған референсті норма деп ойлап сонымен салыстырады өзінің анализын. Бірақ ол жердегі сандар норма емес, сондықтан анализді міндетті түрде дәрігер қарап талдауы қажет! 👆🏻
❗️Ағзада анемия бірден дамымайды, ол алғашында осы жасырын темір тапшылығы болуынан басталады. Ол кезде анемияның жеңіл дәрежесі сияқты ешқандай симптомдар болмайды. Оны тек жалпы қан анализы толық түрін тапсырғанда ғана анықтауға болады!👆🏻
Организм оттегінің жетіспеушілігін ұзақ уақыт компесациялап жүре алады, бірақ ағзадағы темір қоры - ферритин таусылғанда ағзада қайтымсыз өзгерістер дамуы мүмкін. Сондықтан темір тапшылығын уақытылы анықтап, ерте сатысында емдеген дұрыс!
Анемия бір қарағанда жай ауру болғанымен ол ересек адамның өмір сапасын айтарлықтай төмендетеді: ағзаның инфекциялық аурулармен күресу қабілетін төмендетеді және басқа аурулар дамуына жағдай жасайды.
❗️ Балаларда анемия нейрокогнитивті дамуына кері әсер етеді, сонымен қатар моторлы дамуы да артта қалады ( бала кеш аунайды, кеш отырады, кеш жүреді, кеш сөйлейді). Баланың зер салуы, ойлауы, логикасы, есте сақтау қабілеттері төмендеп, өзінің құрдастарынан дамуы артта қалады. Ондай балалар балабақшада, мектепте тез шаршағыш болады, көп ой жгмысымен, физикалық жұмыспен айналысу қиынға түседі, үлгерімі төмендейді, мектеп бағдарламасын меңгеруі төмен болады. Сондықтан балабақшаға, мектепке дайындарда ең бірінші баланың денсаулығына мән беру керек! Әр 6 ай сайын анализдер тапсырып, дефициттерін толтырып, емдеу қажет!
Анализдер тізімі:
- Жалпы қан анализы (кеңейтілген)
- темір
- ферритин
- срб
- витамин В9, В12, витамин Д
Бұл минимальді анемия, темір дефицитін анықтауға арналған анализдер. Қажет болса дәрігер қалғагын өзі ары қарай тағайындайды.
Профилактикасына келетін болсақ, қазір шет елдерде темір дефицитын алдын алу үшін барлық уақытылы туған тек еметін балаларға 4 айынан бастап, шала туған балаларға 2 аптасынан бастап профилактикалық дозада темір беру қолданылады. Дозировкасын дәрігер жазып беруі қажет. Егер бала омырауда емес, қосымша тамақтанатын боласа тек, және смесь темірмен байытылған болса қосымша темір беру қажет емес. Егер аралас тамақтануда болса, егер тамағының жартысынан көбі омырау сүті болса, ол кезде де қосымша профилактикалық дозада темір беру қажет.
