Аңыз: Әртүрлі екпелерді қосуға болмайды

Дереккөз: egu.kz

Бұл миф, өйткені Ұлттық күнтізбеге кіретін екпелерді бір күнде қосуға және салуға болады. Әсерсіздендірілген вакциналар арасында белгілі бір уақыт аралығын сақтау талап етілмейді.

Тірі вакциналарды (мысалы, ҚҚП және ОПВ) бір күнде алуға болады немесе араға бір ай салып алуға болады. Ерекше жағдайлар: егер ОПВ эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша қолданылса, онда ҚҚП салдыру аралығы сақталмайды.

Есесін толтыру кестесін қолдану кезінде аралас АбКДС-ИПВ-Hib немесе АбКДС-ИПВ-Hib-ВГВ екпесінің құрамындағы полиомиелитке қарсы әсерсіздендірілген вакцинаның кем дегенде 1 дозасынан кейін алу ұсынылады.

Балаларға арналған екпелерге қатысты тағы бір ерекше жағдай: аралас АбКДС-ИПВ-Хиб-ВГВ вакцинасын және желшешекке қарсы вакцинаны бір күнде алмаған жөн. Желшешекке қарсы вакцина Ұлттық күнтізбеге кірмейді. Қалған ережелер эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша қолданылатын вакциналарға қатысты.

Келесі вакциналарды бір күнде алмаған жөн:

  • сары безгекке қарсы, тырысқаққа және іш сүзегіне (сонымен бірге паратифтен қорғай алады) қарсы;
  • іш сүзегіне және обаға қарсы.

Сондай-ақ 13.06.2018 жылғы № 361 бұйрықта вакциналар мен иммуноглобулин арасында сақталатын уақыт аралығы туралы ұсыныс-кеңестер берілген. Тірі вакциналарды (БЦЖ, ҚҚП және ОПВ) енгізгеннен кейін кем дегенде екі аптадан соң иммуноглобулин қолдануға болады. Әсерсіздендірілген вакциналарды қолданғаннан кейін уақыт аралығын сақтау қажет емес.

Read more

Қосымша екпелер

Дереккөз: egu.kz Қазақстанның Ұлттық екпелер күнтізбесіне туберкулез, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, В гепатиті, полиомиелит, b типті гемофилдік инфекция, пневмококк инфекциясы, қызылша, қызамық және паротит сияқты 11 қауіпті инфекциядан қорғайтын 8 вакцина енгізілген. А гепатитіне қарсы тоғызыншы вакцина жергілікті бюджет есебінен сатып алынады, оны екі жасқа толған балалар тегін ала алады.

By Zulfiya Urunova

АПВ вакцинасы: адам папиллома вирусына қарсы

Дереккөз: egu.kz Қазақстан Республикасының Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес, АПВ-ға қарсы вакцина ата-анасынан немесе қамқоршыларынан рұқсат алынғаннан кейін 11 жастағы қыздарға енгізіледі. Вакцинацияның толық курсы – алты айлық аралықпен екі доза. Жоспарлы вакцинацияны 11 жасында өткізіп алғандарға, қыздардың 12-13 жасында вакцина алуға мүмкіндіктері болады. АПВ-ға қарсы вакцина қазақстандық егу күнтізбесінде әртүрлі

By Zulfiya Urunova

А гепатитіне қарсы вакцина

Дереккөз: egu.kz Қазақстан Республикасының Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес А вирустық гепатитіне (ВГА) қарсы вакцина балаларға 2 жаста және 6 айдан кейін 2,5 жаста салынады. Қандай вакцина қолданылады Өндіруші: Sinovac Biotech Со., Ltd (Қытай). Инфекциядан қорғайтын А гепатитіне қарсы вакцина А гепатиті А гепатиті — бұл бауырдың вирустық ауруы, ол

By Zulfiya Urunova