ОПВ вакцинасы: полиомиелитке қарсы екпе
Дереккөз: egu.kz
Қазақстан Республикасының Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес ОПВ вакцинасы балаларға 12-15 айында енгізіледі.
Қандай вакцина қолданылады
Өндіруші: Serum Institute of India Pvt.Ltd. (Үндістан)
Инфекциядан қорғайтын, ОПВ вакцинасы
Полиомиелит
Полиомиелит — бұл жүйке жүйесіне әсер ететін және бірнеше сағат ішінде қайтымсыз сал ауруына әкелуі мүмкін вирус тудыратын өте жұқпалы ауру.
Полиомиелит адамнан адамға таралады: вирус ағзаға ауыз арқылы еніп, ішекте көбейеді. Содан кейін ол қоршаған ортаға нәжіс арқылы енеді, онда ол қауымдастық ішінде тез таралуы мүмкін, әсіресе нашар гигиена мен антисанитарлық жағдайда таралады.
Жұқтырған адамдардың көпшілігінде (90%) белгілері жоқ немесе әлсіз және әдетте танылмаған болды. Басқаларында алғашқы белгілер:
- қызба,
- шаршау,
- бас ауруы,
- құсу,
- желке сіреспесі,
- аяқ-қолдарының ауырсынуы.
Полиомиелитке қарсы дәрі-дәрмектер жоқ, симптомдарды жеңілдету үшін тек емдеу әдісі бар.
Асқынулар
Полиомиелиттің асқынулары көп және парездер мен сал ауруының дамуымен байланысты:
- полиомиелиттік сал ауруы
- пневмония
- миокардит
- асқазанның жедел кеңеюі
- асқазан-ішектен қан кету
- ішек өтімсіздігі
Полиомиелиттің асқынуын вакцинация арқылы болдырмауға болады.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
ОПВ вакцинасына қарсы жалпы көрсеткіштер
Вакцина компоненттеріне жеке төзбеушілік және аллергиялық реакциялар.
Жағымсыз әсерлер
Өте жиі ≥1/10, 10%-дан артық | Жиі ≥1/100, бірақ <1/10, 1%-дан артық, бірақ 10%-дан кем | Сирек ≥1/1,000, бірақ <1/100, 0,1%-дан артық, бірақ 1%-кем | Өте сирек <1/10,000, 0,01%-дан кем |
---|---|---|---|
— | — | — | Өте сирек жағдайларда (миллионға 1-4), негізінен иммун тапшылығы бар балаларда вакцина вакцинамен байланысқан паралитикалық полиомиелитті (ВБПП) тудыруы мүмкін. Алдымен балаға инактивацияланған полиовакцинамен (ИПВ) егетін болсақ, болу мүмкін қауіпті нөлге дейін төмендете аламыз. |
Вакциналардың құрамы, қолданылуы және көрсеткіштері туралы толығырақ ДДҰ ресми сайтынан білуге болады.