АПВ вакцинасы: адам папиллома вирусына қарсы

Дереккөз: egu.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес, АПВ-ға қарсы вакцина ата-анасынан немесе қамқоршыларынан рұқсат алынғаннан кейін 11 жастағы қыздарға енгізіледі. Вакцинацияның толық курсы – алты айлық аралықпен екі доза. Жоспарлы вакцинацияны 11 жасында өткізіп алғандарға, қыздардың 12-13 жасында вакцина алуға мүмкіндіктері болады. АПВ-ға қарсы вакцина қазақстандық егу күнтізбесінде әртүрлі органдардың қатерлі ісіктерінен қорғайтын екінші болып табылады. Біріншісі – вирустық В гепатитіне (ВВГ) қарсы. 

Қандай вакцина қолданылады

АПВ-ның 6, 11, 16,18 деген 4 түрінен қорғайтын төрт валентті "Гардасил" вакцинасы.

Өндіруші: Мерк Шарп и Доум корпорациясы (АҚШ).

Адам папиллома вирусы (АПВ) – бұл вирустың 200-ден астам түрінен тұратын топ (ЖМО және АПВ туралы алдыңғы бетке сілтеме жасау). Олардың кейбіреулері жоғары онкогендік қауіп түрлеріне жатады және әртүрлі органдардың қатерлі ісігіне әкелуі мүмкін.

АПВ жұқтырған адамнан жұқпаланған терімен, шырышты қабаттармен немесе дене сұйықтықтарымен тікелей байланыс арқылы беріледі.

Статистикаға сәйкес, 10 адамның 8-і өмір бойы АПВ жұқтырылады. Көп жағдайда инфекция асимптоматикалық болып табылады және 12-24 ай ішінде өздігінен өтеді.

Кейбір жағдайларда жоғары онкогенді қауіпті АПВ түрлерімен жұқтырылған кезде инфекция созылмалы болуы мүмкін. Уақыт өте келе АПВ инфекциясы қатерлі ісік алды өзгерістерге әкелуі мүмкін және егер олар өз ұақытында анықталып емделмесе, қатерлі ісікке ұласуы мүмкін.

Асқынулар

АПВ тудыратын ең көп таралған ауру - жатыр мойны обыры. Қазақстанда жатыр мойны обыры 25 пен 44 жас аралығындағы әйелдердің онкологиялық патологиялары арасында 2 орында. Елімізде жыл сайын жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі. Бұл аурудан жылына 600-ден астам қазақстандық әйел қайтыс болады.

АПВ басқа ауруларды тудыруы мүмкін – тік ішектің, қынаптың, вульваның, еркек жыныс мүшесінің қатерлі ісігі. Соңғы онжылдықта бас және мойын қатерлі ісігінің, сондай-ақ АПВ салдарынан айналшық қатерлі ісігінің жоғарылауы байқалды.

Сонымен қатар, АПВ сирек кездесетін ауруды тудыруы мүмкін – қайталанатын респираторлық папилломатоз (ҚРП), бұл жаңа туған нәрестелердің көмейінде (тыныс алу түтігінде) өскіндердің пайда болуына әкеліп соғады, бұл олардың тыныс алуын қиындатады.

Сонымен қатар, АПВ әртүрлі тері папилломаларының (мысалы, сүйелдер) немесе жыныс мүшелерінің кондиломаларының пайда болуына әкелуі мүмкін.

Қазақстанда қолданылатын АПВ вакцинасы вирустың 4 түрінен қорғайды – 6, 11, 16,18.

АПВ16 және АПВ18 бірге жатыр мойны обырының шамамен 70%, сондай-ақ әйелдер мен ерлердің репродуктивтік жүйесінің басқа органдарының қатерлі ісігіне жауап береді.

АПВ6 және АПВ11 жыныстық кондиломаларының шамамен 90% және 1-дәрежелі жатыр мойны интраэпителиальды ісіктерінің (CIN 1) 9-12% жағдайларын тудырады, бұл да жатыр мойны обырына әкелуі мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Тұрақты

Вакцинаның құрамына кіретін белсенді заттарға немесе кез келген қосалқы заттарға жоғары сезімталдық.

Анамнезде вакцинаны алдыңғы енгізуге анафилактикалық реакцияның болуы.

Уақытша

Жедел немесе орташа жұқпалы ауру немесе ауыр созылмалы аурудың өршуі.

Дене температурасының 38 °С-тан жоғары көтерілуі. 

9 жасқа дейінгі балалар («Гардасил» вакцинасын қолдану 9 жасқа дейінгі балаларда зерттелмеген). 

Жүктілік және баланы емізу кезеңі.

Жағымсыз әсерлер

Өте жиі ≥1/10, 10%-дан астамКөбінесе ≥1/100, бірақ <1/10, 1% - дан жоғары, бірақ 10%-дан төменӨте сирек <1/10, 000, 0,01%-дан төмен

бас ауруы, дене температурасының қысқа мерзімді жоғарылауы

вакцина енгізілген жерде қызару, ісіну, аурушаңдық (5 күннен аспайды)

бас айналу, жүрек айну

аяқ-қолдың ауыруы 

вакцина енгізілген жердегі қышу, гематома зуд

анафилактикалық, анафилактоидты реакцияларды, бронхоспазмды, есекжемді қоса алғанда, жоғары сезімталдық реакциялары

идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура, лимфаденопатия 

артралгия, миалгия 

астения, қалтырау, күшсіздік, әлсіздік

құсу 

жедел шашыраңқы энцефаломиелит, Гийена-Барре синдромы

естен тану, кейде тоник-клоникалық құрысулармен бірге жүреді

панникулит (целлюлит)

Вакциналардың құрамы, қолданылуы және көрсетілімдері туралы толығырақ ресми сайттан біле аласыз – ndda.kz/category/Vakcinies

Read more

Қосымша екпелер

Дереккөз: egu.kz Қазақстанның Ұлттық екпелер күнтізбесіне туберкулез, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, В гепатиті, полиомиелит, b типті гемофилдік инфекция, пневмококк инфекциясы, қызылша, қызамық және паротит сияқты 11 қауіпті инфекциядан қорғайтын 8 вакцина енгізілген. А гепатитіне қарсы тоғызыншы вакцина жергілікті бюджет есебінен сатып алынады, оны екі жасқа толған балалар тегін ала алады.

By Zulfiya Urunova

А гепатитіне қарсы вакцина

Дереккөз: egu.kz Қазақстан Республикасының Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес А вирустық гепатитіне (ВГА) қарсы вакцина балаларға 2 жаста және 6 айдан кейін 2,5 жаста салынады. Қандай вакцина қолданылады Өндіруші: Sinovac Biotech Со., Ltd (Қытай). Инфекциядан қорғайтын А гепатитіне қарсы вакцина А гепатиті А гепатиті — бұл бауырдың вирустық ауруы, ол

By Zulfiya Urunova

ДСА-М вакцинасы: дифтерияға, сіреспеге қарсы

Дереккөз: egu.kz Қазақстан Республикасының Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес ДСА-М вакцинасы балаларға 16 жаста, содан кейін әрбір 10 жылда енгізіледі. Қандай вакцина қолданылады Өндіруші: Serum Institute of India Pvt.Ltd. (Үндістан) Инфекциялардан қорғайтын ДСА-М вакцинасы Дифтерия Дифтерия — Corynebacterium diphtheria коринебактериясы тудыратын жұқпалы ауру, ол, ең алдымен, тамақ пен жоғарғы тыныс

By Zulfiya Urunova