Аңыз: Туберкулез — маргиналдар ауруы ма?

Дереккөз: egu.kz

Туберкулез — бұл әлеуметтік жағдайы төмен адамдар арасында жиі таралған инфекция деген сенім бар. Бұл олай емес.

1. Қазақстанның кез келген тұрғыны туберкулезді жұқтыруы мүмкін.

Статистикаға сәйкес, өткен 20 жыл ішінде Қазақстанда туберкулез жағдайы жақсарды: сырқаттанушылық көрсеткіштері 4,2 есе және туберкулезден болатын өлім көрсеткіштері 15,5 есе төмендеді.

Дегенмен, 2021 жылы сырқаттанғандар саны, 100 мың адамға шаққанда, 36 адамды, 2022 жылы, 100 мың адамға шаққанда, 36,5 адамды құрады.

ДДСҰ ұсынымдары бойынша, егер 100 мың адамға шаққандағы сырқаттанушылық 20 адамнан асса — бұл жаңа туған нәрестелерге БЦЖ екпесін салу көрсеткіші. 

2. Антибиотиктерді бақылаусыз қабылдай отырып, біз Қазақстандағы туберкулез жағдайын қиындатамыз.

ДДСҰ деректері бойынша Қазақстан көптеген дәрілерге төзімді туберкулез таралған елдердің қатарына кіреді және осы тізімде 12-ші орында тұр.

Бұл нені білдіреді?

Туберкулез — туберкулез микобактериялары тудыратын бактериялық инфекция. Туберкулезді емдейтін дәрі — дәрмектер негізгі екі топқа бөлінеді. Көбінесе бірінші орында тұратын дәрі-дәрмектер жиі қолданылады: изониазид және рифампицин. Екінші қатардағы дәрі-дәрмектер де бар — канамицин, этионамид, циклосерин және т.б. Бұл екінші қатардағы дәрі-дәрмектерді резервтегі дәрі-дәрмектер деп те атайды. Бұлар пациентте көптеген дәрілерге төзімді және ауқымды дәрілерге төзімді туберкулез анықталған кезде қолданылады.

Көптеген және ауқымды дәрілерге төзімді туберкулездің артуы пациент жақсарғаннан кейін және курсты соңына дейін аяқтамай туберкулезді емдеуді тастаған жағдайлармен ғана байланысты емес. Тағы бір себеп бар, ол жаһандық мәселе — антибиотикке төзімділік.

Бұл дәрігердің тағайындауынсыз, емдеу схемасын бұзып немесе қажет емес жағдайларда (мысалы, вирустық инфекциялар кезінде) антибиотиктерді жаппай қабылдауға байланысты. Осындай жағдайлардың нәтижесінде бактериялар бейімделіп, антибиотиктерге қарсы төтеп бере алады. Бактериялық инфекцияларды емдеу (тек туберкулез емес) қиындай түседі. Жаңа емдеу тәсілдерін іздеуге, сол резервтерді пайдалануға тура келеді.

Антибиотиктерді артық пайдаланбасаңыз да, антибиотикке төзімділік сізге әсер етуі мүмкін екенін білу маңызды. Бұл проблемаға тап болу үшін ауруханада немесе басқа жерде антибиотикке төзімді осындай супербактерияны «жұқтырып алу» жеткілікті.

3. Күйзеліс пен ұйқының қанбауы жағдайында туберкулезбен ауыруға болады.

ДДСҰ деректері бойынша: «Әлем халқының төрттен бір бөлігі туберкулезбен ауырады. Бұл адамдардың туберкулез бактерияларын жұқтырғанын, бірақ (әлі) ауырмағанын және оны жұқтыра алатындығын білдіреді».

Бұл дегеніміз, туберкулез микобактериялары біздің кез — келгенімізде «дами» алады және үнемі күйзеліс, ұйқының қанбауы және үйлесімді тамақтанбау ауруды қоздырып, біздің ағзамызды — тек өкпені ғана емес, басқа да ағзамызды зақымдау қаупін арттырады. Өйткені, өкпе түрінен басқа, ауруды флюорографиядан көру мүмкін болмаған кезде өкпеден тыс көптеген түрлері болады.

Туберкулездің алдын алу үшін не істеуге болады?

Барлығына арналған негізгі ұсыным — ұйықтау тәртібін сақтау, үйлесімді тамақтану және күйзелісті азайту, себебі осы факторлардың қайсысы болса да бұзылған кезде организм туберкулез микобактерияларынан қорғансыз болады.

Ересектерге арналған ұсыным — жыл сайын флюорографиядан өту. Ата-аналар мен балалардың қамқоршыларына ұсыным — БЦЖ екпесінің бар-жоғын тексеру. Бұл — балаларды туберкулездің ауыр және өлімге әкелетін түрлерінен қорғаудың негізгі тәсілі. Сондай-ақ ондаған жылдар бойы тексерілген балалардағы жасырын туберкулезді диагностикалау әдісі — Манту сынамасынан бас тартуға болмайды.

Туберкулезге, оның ішінде өкпеден тыс кез келген күдік туындаған жағдайда, толық тексерілу үшін фтизиатр — туберкулезді емдеумен айналысатын дәрігерлерге қаралу қажет.

Read more

Қосымша екпелер

Дереккөз: egu.kz Қазақстанның Ұлттық екпелер күнтізбесіне туберкулез, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, В гепатиті, полиомиелит, b типті гемофилдік инфекция, пневмококк инфекциясы, қызылша, қызамық және паротит сияқты 11 қауіпті инфекциядан қорғайтын 8 вакцина енгізілген. А гепатитіне қарсы тоғызыншы вакцина жергілікті бюджет есебінен сатып алынады, оны екі жасқа толған балалар тегін ала алады.

By Zulfiya Urunova

АПВ вакцинасы: адам папиллома вирусына қарсы

Дереккөз: egu.kz Қазақстан Республикасының Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес, АПВ-ға қарсы вакцина ата-анасынан немесе қамқоршыларынан рұқсат алынғаннан кейін 11 жастағы қыздарға енгізіледі. Вакцинацияның толық курсы – алты айлық аралықпен екі доза. Жоспарлы вакцинацияны 11 жасында өткізіп алғандарға, қыздардың 12-13 жасында вакцина алуға мүмкіндіктері болады. АПВ-ға қарсы вакцина қазақстандық егу күнтізбесінде әртүрлі

By Zulfiya Urunova

А гепатитіне қарсы вакцина

Дереккөз: egu.kz Қазақстан Республикасының Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес А вирустық гепатитіне (ВГА) қарсы вакцина балаларға 2 жаста және 6 айдан кейін 2,5 жаста салынады. Қандай вакцина қолданылады Өндіруші: Sinovac Biotech Со., Ltd (Қытай). Инфекциядан қорғайтын А гепатитіне қарсы вакцина А гепатиті А гепатиті — бұл бауырдың вирустық ауруы, ол

By Zulfiya Urunova