Аңыз: Ислам екпе жасатуды құптамайды ма?

Дереккөз: egu.kz

Діни наным бойынша екпе жасатудан бас тарту Қазақстанда жеке наным – сенімдерден кейін екінші орында тұр. Ата-аналар, көбінесе, ұстанатын діні екпе жасатуға қарсы болуы мүмкін деп санайды. Бұл мәселені ислам тұрғысынан талқылайық.

1. Мұхаммад пайғамбардың (с.а.у.) сөздері мен іс-әрекеттері жөніндегі хадистерден, аңыз-әңгімелерден ауруларды емдеу және алдын алу туралы көптеген дәйексөздерді кездестіруге болады.

«Шынында да, Алла тағала ауруды жаратты. Ол сондай-ақ дәріні де жасады. Емделіңдерші!», – делінген Анас хадисіне.

Бұхари жазып алған тағы бір хадисті, әдетте, дін ғалымдары аурудың алдын алуға рұқсат, демек, вакцинаналарды қолдануға да рұқсат деп түсіндіреді: «Кімде кім таң атысымен ажуаның 7 данасын жесе, сол күні оны ешбір у не сиқыр ала алмайды».

2. Мұсылмандар қауіпті ауруларға қарсы күрес әдісі ретінде вакцина арқылы алдын алуды алғашқылардың бірі болып енгізе бастады.

ХІ ғасырда өмір сүрген парсы ғалымы әрі дәрігері Әбу Бәкір әр-Рази  шешек пен қызылшаның жұқпалы екенін жорамалдап, вариоляция тәжірибесін енгізді. Вариоляция — табиғи шешекке қарсы екпе жасаудың ерте әдісі. Шешекпен жеңіл түрде ауыратын науқастың денесіндегі бөртпелерінің бөліндісі иммунитет қалыптастыру үшін дені сау адамға енгізілген.

Қазақстан аумағында XV ғасырда халық емшісі Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы шешекке қарсы алғашқы вакцинаны жасап шығарды. 4 жүзжылдықтан кейін, XIX ғасырда Оралда шешекке қарсы екпе салушыларды даярлайтын алғашқы училище ашылды.

3. Көптеген мұсылман елдері өз азаматтары арасында вакцина арқылы алдын алуды белсенді түрде насихаттауда.

Мысалы, БАӘ коронавирустық инфекцияға қарсы егумен қамту жағынан көшбасшылардың бірі болды – тұрғындарының 90% - дан астамы екпе алды. Мұсылман әлеміндегі тағы бір ел, Сауд Арабиясы Корольдігі, Меккеге қажылық жасауға баратын адамдарға қойылатын талаптардың бірі - менингококкқа және басқа да инфекцияларға қарсы екпенің болуын талап етеді (саяхат жасауға келетін елге байланысты).

4. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) вакцинация тақырыбында бірнеше рет мақалалар жариялады, ал 2021 жылы COVID-19 пандемиясының өршіген кезеңінде пәтуа шығарды.

Онда адам және оның денсаулығы – исламдағы ең жоғары құндылық екендігі айтылады. Алла Тағала «әл-Бақара» сүресінің 195-ші аятында: «Өзіңді өлім жазасына кеспе» деп бұйырады. Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Емделіңдер, өйткені Алла тағала қандай ауру жіберсе де, оның мол сауабын жіберді», – деді. Осылайша, дәстүрлі ислам екпе жасатуға қарсы емес, сонымен қатар оны адамға зиян келтіруі мүмкін қауіпті инфекциялардың алдын алу әдісі ретінде де қолдайды.

Ислам және басқа да әлемдік діндер екпе жасау қағидаттарына қалай қарайтындығы туралы толық мәліметті арнайы:

Read more

Қосымша екпелер

Дереккөз: egu.kz Қазақстанның Ұлттық екпелер күнтізбесіне туберкулез, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, В гепатиті, полиомиелит, b типті гемофилдік инфекция, пневмококк инфекциясы, қызылша, қызамық және паротит сияқты 11 қауіпті инфекциядан қорғайтын 8 вакцина енгізілген. А гепатитіне қарсы тоғызыншы вакцина жергілікті бюджет есебінен сатып алынады, оны екі жасқа толған балалар тегін ала алады.

By Zulfiya Urunova

АПВ вакцинасы: адам папиллома вирусына қарсы

Дереккөз: egu.kz Қазақстан Республикасының Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес, АПВ-ға қарсы вакцина ата-анасынан немесе қамқоршыларынан рұқсат алынғаннан кейін 11 жастағы қыздарға енгізіледі. Вакцинацияның толық курсы – алты айлық аралықпен екі доза. Жоспарлы вакцинацияны 11 жасында өткізіп алғандарға, қыздардың 12-13 жасында вакцина алуға мүмкіндіктері болады. АПВ-ға қарсы вакцина қазақстандық егу күнтізбесінде әртүрлі

By Zulfiya Urunova

А гепатитіне қарсы вакцина

Дереккөз: egu.kz Қазақстан Республикасының Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес А вирустық гепатитіне (ВГА) қарсы вакцина балаларға 2 жаста және 6 айдан кейін 2,5 жаста салынады. Қандай вакцина қолданылады Өндіруші: Sinovac Biotech Со., Ltd (Қытай). Инфекциядан қорғайтын А гепатитіне қарсы вакцина А гепатиті А гепатиті — бұл бауырдың вирустық ауруы, ол

By Zulfiya Urunova