Аңыз: АПВ-ға қарсы екпе бедеулікті тудырады ма?

Дереккөз: egu.kz

Бұл абсолютті миф, себебі АПВ-ға қарсы вакцина, ең алдымен, әйелдердің репродуктивті (ұрпақты болу) денсаулығы мен өмірін қорғау үшін ойлап табылған. Бұл мифтің шығу тарихы қызылшаға қарсы вакцина мен аутизм арасындағы «байланыстың пайда болуымен» салыстырылады.

2018 жылы Journal of toxicology and environmental health журналында «АПВ-ға қарсы вакцина алған 25-29 жас аралығындағы АҚШ әйелдерінде жүкті болу мүмкіндігі аз» деген мақала шықты. Білімі бойынша экономист болып келетін мақала авторы медициналық жағынан қандай да бір жағдайды растамай, сауалнама алу әдісімен өз деректерін жинаған және оның зерттеуіне жалпы 1000-нан аз адам қатысқан. Бір жылдан кейін мақала шындыққа жанаспайды делініп, «статистикалық талдау мен деректерді түсіндірудегі елеулі кемшіліктерге» байланысты алынып тасталды.

Зерттеуде сауалнамаға қатысқан әйелдердің экономикалық, әлеуметтік және отбасылық жағдайы, олардың фертилділік көрсеткіштері және бала көтертпейтін контрацептивтерді қабылдау-қабылдамауы, сондай-ақ балалы болуға деген талпынысы — бұл әйелдер сауалнама жүргізу кезеңіне дейін жүкті болуға тырысқан-тырыспағаны ескерілмеген. Сондай-ақ АПВ-ға қарсы алғашқы вакцина тіркелген 2006 жылға дейін АҚШ-та және басқа да көптеген елдерде байқалған жалпы туу санының төмендеу үрдісі ескерілмеген. Американдық әйелдер арасындағы тағы бір маңызды әлеуметтік-демографиялық көрсеткіш – баланы жоспарлау және туу жасын 20-29 жастан 30-39 жасқа дейін ауыстыру. АПВ туралы зерттеу, өкінішке орай, кез келген деректерді қажетті нәтижеге қалай үйлестіруге болатындығына және сонымен көптеген жылдар бойы зиян келтіретіндігіне үлгі болды.

Сонымен қатар, бірнеше параметрлер бойынша АПВ-ға қарсы вакцина Қазақстанда ғана емес, кез келген елдің екпе күнтізбесінде де өте қажет.

1. Жатыр мойны обырының себебі – АПВ

АПВ — адам папиллома вирусы. Бұл — адамның ауыз қуысы мен жыныс мүшелерінің тері жабындары мен шырышты қабықтарын зақымдайтын туыстас вирустардың 200-ден астам түрі. Көп жағдайда бұл инфекция 2-3 жылдан кейін өздігінен кетеді және көбінесе ешқандай симптомсыз адамға байқалмай өтеді. Кейбір жағдайларда, онкогендік АПВ түрлері денеде қалып қойса, бұл әртүрлі ағзаның қатерлі ісігіне әкеледі. Ең алдымен, жатыр мойны обырына әкеледі. 100% жағдайда жатыр мойны обырының туындауына онкогендік АПВ түрлері себеп болады (6, 18, 31, 33, 45, 52 және 58 түрлері).

Қазақстанда әйелдер арасында онкологиялық аурулар статистикасы бойынша жатыр мойны обыры сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр.

Жыл сайын Қазақстанда жаңа 1700-ге жуық жатыр мойны обыры ауруы және осы аурудан 600-ге жуық қайтыс болу жағдайы тіркеледі.

Жатыр мойны обыры ұзақ преинвазивтік кезеңде баяу және ерекше жергілікті өсумен ерекшеленеді, яғни ерте кезеңде тек тұрақты скринингтер арқылы ғана оны анықтауға болады. Қазақстанда мұндай скрининг ПАП-тест (Папаниколау әдісі бойынша жағындыны цитологиялық зерттеу) арқылы жүргізіледі, 30 жастан бастап барлық әйелдерге әр 4 жыл сайын ПАП-тестіден өту ұсынылады. Мұны тіркелген жері бойынша емханада жасауға болады. АПВ-ға қарсы екпе жасау жатыр мойны обырымен күресудің профилактикалық әдісі болу керек және сырқаттанушылық статистикасын азайту қажет.

2. АПВ жатыр мойны обырын ғана тудырмайды

Онкогендік АПВ түрлері себеп болатын аурулардың арасында ерлер мен әйелдердің жыныс мүшелерінің, тік ішектің, бастың және мойынның обыры да кездеседі. Негізгі қауіп — АПВ-мен байланысты онкологиялық аурулардың көбіне кеш диагноз қойылатындығы, мысалы, ауыз-жұтқыншақ обырының шамамен 70%-на диагноз кеш қойылады.

3. АПВ-ға қарсы вакциналар ұзақ мерзімді сынақтардан өтті

АПВ-ға қарсы алғашқы вакцина 2006 жылы тіркелді. Бұл оның осы уақытқа дейін барлық қажетті клиникалық сынақтардан өткенін білдіреді. Қазіргі кезде АПВ-ға қарсы вакциналарды 110-нан астам елде қолданылады. АҚШ пен Австралия сияқты көптеген елдер оларды жатыр мойны обырына қарсы күрес жөніндегі ұлттық бағдарламаларына енгізді. Скринингтік бағдарламалармен бірге бұл осы елдердегі жатыр мойны обыры ауруын және жатыр мойны обырынан болатын өлімді айтарлықтай азайтуға көмектесті.

АПВ-ға қарсы вакцинаны қазақстандық кестеге алғаш енгізу әрекеті 2013 жылы болды. Екпе жасауға қарсы адамдар тарапынан болған келеңсіздіктерге байланысты бағдарлама жабылды.

2024 жылы қазақстандық екпе күнтізбесіне АПВ-ға қарсы вакцинаны қайта енгізу жоспарланып отыр.

АПВ-ға қарсы вакциналар — қазақстандық әйелдерді жатыр мойны обыры мен басқа да онкологиялық аурулардың дамуынан қорғаудың қазіргі және барынша тиімді (тиімділіктің 95%-ға жуығы) тәсілі.

Read more

Қосымша екпелер

Дереккөз: egu.kz Қазақстанның Ұлттық екпелер күнтізбесіне туберкулез, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, В гепатиті, полиомиелит, b типті гемофилдік инфекция, пневмококк инфекциясы, қызылша, қызамық және паротит сияқты 11 қауіпті инфекциядан қорғайтын 8 вакцина енгізілген. А гепатитіне қарсы тоғызыншы вакцина жергілікті бюджет есебінен сатып алынады, оны екі жасқа толған балалар тегін ала алады.

By Zulfiya Urunova

АПВ вакцинасы: адам папиллома вирусына қарсы

Дереккөз: egu.kz Қазақстан Республикасының Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес, АПВ-ға қарсы вакцина ата-анасынан немесе қамқоршыларынан рұқсат алынғаннан кейін 11 жастағы қыздарға енгізіледі. Вакцинацияның толық курсы – алты айлық аралықпен екі доза. Жоспарлы вакцинацияны 11 жасында өткізіп алғандарға, қыздардың 12-13 жасында вакцина алуға мүмкіндіктері болады. АПВ-ға қарсы вакцина қазақстандық егу күнтізбесінде әртүрлі

By Zulfiya Urunova

А гепатитіне қарсы вакцина

Дереккөз: egu.kz Қазақстан Республикасының Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес А вирустық гепатитіне (ВГА) қарсы вакцина балаларға 2 жаста және 6 айдан кейін 2,5 жаста салынады. Қандай вакцина қолданылады Өндіруші: Sinovac Biotech Со., Ltd (Қытай). Инфекциядан қорғайтын А гепатитіне қарсы вакцина А гепатиті А гепатиті — бұл бауырдың вирустық ауруы, ол

By Zulfiya Urunova