Аңыздар: БЦЖ вакцина туралы
Дереккөз: egu.kz
«Туберкулез жоқ, вакцина қажет емес! БЦЖ вакцинасы тиімді емес!»
БЦЖ – бұл әрбір қазақстандық сәбиге арналған алғашқы вакцина, оны перзентханада жасайды. Ол 100 жылдан бері қолданылып келеді, бірақ бұл туралы аңыздар әлі де танымал.

1-аңыз. «Туберкулез жоқ, вакцина қажет емес»
Туберкулез – бұл әлемдегі ең қауіпті жұқпалы ауру, ол жыл сайын 1,5 миллион адамды өлтіреді. БЦЖ бүгінгі таңда туберкулезге (ТБ) қарсы жалғыз вакцина болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстанда туберкулездің өте қауіпті антибиотикке төзімді штаммдары басым, оларды емдеу қиын, яғни вакцинация екі есе маңызды.
2-аңыз. «Еуропада БЦЖ жасамайды!»
Вакцинаны барлық елдерде қолданылады, бірақ иммундау сипаты әр түрлі болады: ТБ ауруы төмен көптеген дамыған елдерде олар тек қауіпті балалар үшін БЦЖ жасалады, ал аурудың ауыртпалығы жоғары елдерде барлық нәрестелер үшін вакцинация жүргізіледі. ДДCҰ ақпараты бойынша, деректері бар 180 елдің 157 елінде жалпыға бірдей вакцинация жүргізіледі, ал қалған 23 елде тек жұқтыру қаупі жоғары топтар ғана вакцинацияланады.
3-аңыз. «БЦЖ-дан кейінгі жиі жанама әсерлері»
БЦЖ вакцинасының жанама әсерлері өте сирек кездеседі. Мысалы, алты Еуропа елінде 5,5 миллион вакцинацияланған баланы бақылаған зерттеулердің бірінде жүйелі жанама әсерлердің жиілігі миллионға 2,8 жағдайды құрады.
4-аңыз. «БЦЖ вакцинасы тиімді емес!»
Вакцинаны қолдану, әлі де оның тиімділігі туралы пікірталас тудырса да, эндемиялық елдер үшін БЦЖ TБ-бен күресудің негізгі шараларының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда БЦЖ тиімділігін бағалау үшін көптеген зерттеулер жүргізілді. Мысалы, 13 перспективті зерттеудің мета-талдауы ТБ-ден орташа қорғауды 51% көрсетті, ал 10 зерттеудің «кездейсоқ бақылау» талдауы орташа қорғаудың 50% көрсетті. Бірақ, ТБ-ді болдырмаудың тиімділігі төмен болса да, көптеген зерттеулер нәрестелерді вакцинациялау туберкулездің ауыр түрлерінен – туберкулез менингитінен және милиарлы туберкулезден айтарлықтай қорғауды қамтамасыз ететіндігін дәлелдеді. Туберкулезді менингит – мидың жұмсақ мембраналарының қабынуы-50% жағдайда өлімге немесе басқа да ауыр неврологиялық салдарға әкелуі мүмкін. Милиарлы туберкулезде инфекция өкпеге, бауырға, сүйек кемігіне, сондай-ақ басқа органдар мен тіндерге таралуы және әсер етуі мүмкін. 10 рандомизацияланған және бақыланатын зерттеулердің мета-талдауы милиарлы туберкулезден және туберкулезді менингиттен орташа есеппен 86% қорғауды көрсетті, бұл балалардағы ТБ-ның ауыр ағымдарын болдырмауда БЦЖ маңыздылығын дәлелдейді, өйткені туберкулезді менингит және милиарлы туберкулез сияқты ТБ-ден балалар өлімінің негізгі себебі болып табылады.