АбКДС вакцинасы
Дереккөз: egu.kz
Қазақстан Республикаасының ұлттық вакцина күнтізбесіне сәйкес, Қазақстанда АбКДС вакцинасы: көкжөтелден, дифтериядан және сіреспеден 6 жастағы балаларға енгізіледі.
Қандай вакцина қолданылады
Өндіруші: Sanofi Pasteur SA (Франция)
Инфекциялардан қорғайтын АбКДС вакцинасы
Дифтерия
Дифтерия — Corynebacterium diphtheria коринебактериясы тудыратын жұқпалы ауру, ол, ең алдымен, тамақ пен жоғарғы тыныс алу жолдарын зақымдайды да, басқа мүшелерді бүлдіретін токсин шығарады. Ауру тікелей физикалық байланыс арқылы немесе тыныс алу, жөтелу немесе түшкіру кезінде беріледі.
Инфекциядан кейін бактерия адам ағзасына 5-7 күн ішінде таралады. Белгілер әдетте инфекциядан кейін 2-3 аптадан кейін пайда болады:
- тамақтың ауыруы
- субфебрильді қызба
- мойын лимфа түйіндерінің ісінуі
- Жоғары температура фонында бездердегі сұр немесе ақ пленка жабыны
Асқынулар
Дифтерия токсині тамақ пен бездерде өлі тіндердің мембранасының жиналуын тудырады, жұту мен тыныс алуды қиындатады.
Дифтериядан болатын асқынулар:
- миокардит
- перифериялық нейропатия
- бүйректің зақымдануы
- инфекциялық-уытты шок
Әрбір оныншы науқас қайтыс болады⠀
Вакцинацияның арқасында дифтерияның асқынуын болдырмауға болады.
Сіреспе
Сіреспе – бұл Clostridium tetani бактерияларының спораларымен байланыс арқылы берілетін жұқпалы ауру. Олар бүкіл әлемде топырақта және жануарлардың ішек жолдарында болады және көптеген субстанцияларды және заттарды ластауы мүмкін. Сіреспені қоздыратын бактериялар көп кездесетіндіктен ауруды жою мүмкін емес.
Сіреспенің инкубациялық кезеңі 10-нан 45 күнге дейін созылуы мүмкін. Көбінесе алғашқы белгілер 20-25 күнде байқалады:
- жақтың қимылсыздығы
- жұтынудың қиындауы
- мазасыздық
- тітіркену
- бас ауруы
- тоникалық құрысулар
Асқынулар
Барлық жастағы адамдар сіреспе жұқтыруы мүмкін, бірақ егер аналар сіреспеден вакцинамен қорғалмаса, ауру жаңа туған нәрестелер мен олардың аналарында жиі және ауыр түрде кездеседі.
Сіреспе асқынулары:
- бронхит
- пневмония
- миокард инфарктісі
- сепсис
- сүйектердің автосынуы
- бұлшық еттердің сүйектен бөлінуі
- тамыр тромбозы
- өкпе ісінуі
Вакцинацияның арқасында сіреспе асқынуларын болдырмауға болады.
Көкжөтел
Көкжөтел — бұл ауыз қуысында, мұрында және көмейде өмір сүретін Bordetella pertussis бактериясынан туындаған өте жұқпалы тыныс алу ауруы. Ауру — нәрестелер үшін ең қауіпті және адамнан адамға оңай таралады, негізінен жөтелгенде немесе түшкіргенде ауа тамшылары арқылы таралады.
Алғашқы белгілер инфекциядан 7-10 күн өткен соң пайда болады:
- қызу,
- тұмау,
- жөтел.
Көбінесе әдеттегі жөтел булықпа және қалшылдатқан жөтелге айналады. Емделмеген пациенттер, жөтел пайда болғаннан кейін, үш апта немесе одан да көп уақыт бойы жұқпалы болуы мүмкін.
Асқынулар
Әсіресе, бұл асқынулар балаларда жиі кездеседі:
- пневмония,
- конвульсиялар,
- энцефалопатия,
- мидың зақымдануы,
- тыныстың тоқтауы.
Вакцинация арқылы көкжөтелдің асқынуын болдырмауға болады.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
АбКДС вакцинасына қарсы жалпы көрсеткіштер
- вакцина компоненттеріне жоғары сезімталдық немесе дифтерия, көкжөтел немесе сіреспе вакциналарын алдыңғы енгізгеннен кейін жоғары сезімталдық белгілері.
- анамнездегі белгісіз этиологиялы энцефалопатия симптомадары, олар көкжөтел вакцинасын алдыңғы енгізгеннен кейін 7 күн ішінде байқалған. Мұндай жағдайда көкжөтелдің алдын алу үшін вакцинацияны тоқтатып, дифтерия мен сіреспенің алдын алу үшін вакцинация курсын жалғастыру керек.
- дифтерия-сіреспе вакцинасын алдыңғы енгізуде байқалатын белгілі өтпелі тромбоцитопения немесе неврологиялық бұзылулар (конвульсиялар, гипотония ұстамалары және реактивтіліктің төмендеуі).
- жедел инфекциялық аурулар.
- дене температурасының 37ºС-тан жоғарылауы.
Жағымсыз әсерлер
Өте жиі ≥1/10, 10%-артық | Жиі ≥1/100, бірақ <1/10-дан артық, 1%-дан артық, бірақ 10%-дан кем | Сирек ≥1/1,000, бірақ <1/100, 0,1%-дан артық, бірақ 1%-дан кем |
---|---|---|
Тітіркену Ұйқышылдық Бас ауруы Енгізу орнындағы реакциялар (қызару және/немесе ісіну сияқты), дімкәстік, қатты шаршағыштық, енгізу орнындағы ауырсыну | Анорексия Бас айналу Жүрек айнуы, диарея, құсу, асқазан-ішек бұзылыстары Пиретикалық реакция (қызба ≥ 37,5°C, оның ішінде қызба > 39,0°C), вакцина енгізілген аяқтың жалпы ісінуі (кейде іргелес буынның қатысуымен) | Жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы, фарингит Зейіннің бұзылуы Естен тану Конъюнктивит Жөтел Гипергидроз, қышу, бөртпе Артралгия, миалгия, буындардағы ауырлық, сүйек-бұлшықет ауырлық Пиретикалық реакция (қызба > 39,0°C), тұмауға ұқсас синдромы, ауырсыну |
Вакциналардың құрамы, қолданылуы және көрсеткіштері туралы қосымша ақпаратты ndda.kz/category/vakciny — ресми сайттан табуға болады