АбКДС-Хиб-ИПВ вакцинасы
Дереккөз: egu.kz
Қазақстан Республикасының Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес АбКДС-Хиб-ИПВ вакцинасы балаларға 3 және 18 айда салынады.
Қандай вакцина қолданылады
Өндіруші: Sanofi Pasteur SA (Франция)
АбКДС-Хиб-ИПВ вакцинасы ағзаны мынадай инфекциялардан қорғайды
Дифтерия
Дифтерия — Corynebacterium diphtheria коринебактериясы тудыратын жұқпалы ауру, ол, ең алдымен, тамақ пен жоғарғы тыныс алу жолдарын зақымдайды да, басқа мүшелерді бүлдіретін токсин шығарады. Ауру тікелей физикалық байланыс арқылы немесе тыныс алу, жөтелу немесе түшкіру кезінде беріледі.
Инфекциядан кейін бактерия адам ағзасына 5-7 күн ішінде таралады. Белгілер әдетте инфекциядан кейін 2-3 аптадан кейін пайда болады:
- тамақтың ауыруы
- субфебрильді қызба
- мойын лимфа түйіндерінің ісінуі
- Жоғары температура фонында бездердегі сұр немесе ақ пленка жабыны
Асқынулар
Дифтерия токсині тамақ пен бездерде өлі тіндердің мембранасының жиналуын тудырады, жұту мен тыныс алуды қиындатады.
Дифтериядан болатын асқынулар:
- миокардит
- перифериялық нейропатия
- бүйректің зақымдануы
- инфекциялық-уытты шок
Әрбір оныншы науқас қайтыс болады⠀
Вакцинацияның арқасында дифтерияның асқынуын болдырмауға болады.
Сіреспе
Сіреспе – бұл Clostridium tetani бактерияларының спораларымен байланыс арқылы берілетін жұқпалы ауру. Олар бүкіл әлемде топырақта және жануарлардың ішек жолдарында болады және көптеген субстанцияларды және заттарды ластауы мүмкін. Сіреспені қоздыратын бактериялар көп кездесетіндіктен ауруды жою мүмкін емес.
Сіреспенің инкубациялық кезеңі 10-нан 45 күнге дейін созылуы мүмкін. Көбінесе алғашқы белгілер 20-25 күнде байқалады:
- жақтың қимылсыздығы
- жұтынудың қиындауы
- мазасыздық
- тітіркену
- бас ауруы
- тоникалық құрысулар
Асқынулар
Барлық жастағы адамдар сіреспе жұқтыруы мүмкін, бірақ егер аналар сіреспеден вакцинамен қорғалмаса, ауру жаңа туған нәрестелер мен олардың аналарында жиі және ауыр түрде кездеседі.
Сіреспе асқынулары:
- бронхит
- пневмония
- миокард инфарктісі
- сепсис
- сүйектердің автосынуы
- бұлшық еттердің сүйектен бөлінуі
- тамыр тромбозы
- өкпе ісінуі
Вакцинацияның арқасында сіреспе асқынуларын болдырмауға болады.
Көкжөтел
Көкжөтел — бұл ауыз қуысында, мұрында және көмейде өмір сүретін Bordetella pertussis бактериясынан туындаған өте жұқпалы тыныс алу ауруы. Ауру — нәрестелер үшін ең қауіпті және адамнан адамға оңай таралады, негізінен жөтелгенде немесе түшкіргенде ауа тамшылары арқылы таралады.
Алғашқы белгілер инфекциядан 7-10 күн өткен соң пайда болады:
- қызу,
- тұмау,
- жөтел.
Көбінесе әдеттегі жөтел булықпа және қалшылдатқан жөтелге айналады. Емделмеген пациенттер, жөтел пайда болғаннан кейін, үш апта немесе одан да көп уақыт бойы жұқпалы болуы мүмкін.
Асқынулар
Әсіресе, бұл асқынулар балаларда жиі кездеседі:
- пневмония,
- конвульсиялар,
- энцефалопатия,
- мидың зақымдануы,
- тыныстың тоқтауы.
Вакцинация арқылы көкжөтелдің асқынуын болдырмауға болады.
b (Hib) типті гемофильді таяқша
b (Hib) типті гемофильді таяқша — бұл ауыр пневмония, менингит және басқа да инвазивті ауруларға жауап беретін бактерия, тек 5 жасқа дейінгі балаларда болады. Ол жұқтырған адамнан сезімтал адамға ауа жолдары арқылы беріледі.
Инкубациялық кезеңнің ұзақтығын анықтау қиын, өйткені бұл инфекция басқа аурулар арқылы көрінеді. Көбінесе бұл тыныс алу жүйесіне әсер етеді, тыныс алу органдарының ауруларын тудырады:
- трахеит,
- синусит,
- бронхит.
Балалық шақта гемофильді инфекция көбінесе жоғарғы тыныс жолдарының және жүйке жүйесінің зақымдалуымен жүреді, ал ересектерде гемофильді таяқшадан туындаған пневмония жиі кездеседі.
Асқынулар
Гемофильді инфекция келесі клиникалық формаларда пайда болуы мүмкін:
- іріңді менингит,
- ауыр пневмония,
- септицемия,
- көмекейдің қабынуы (эпиглоттит),
- іріңді артрит.
Вакциналар денсаулық сақтау саласындағы жалғыз әдіс болып табылады, бұл b типті гемофильді инфекциядан туындаған ауыр аурулардың алдын алады.
Вакцинацияның арқасында дифтерияның асқынуын болдырмауға болады.
Полиомиелит
Полиомиелит — бұл жүйке жүйесіне әсер ететін және бірнеше сағат ішінде қайтымсыз сал ауруына әкелуі мүмкін вирус тудыратын өте жұқпалы ауру.
Полиомиелит адамнан адамға таралады: вирус ағзаға ауыз арқылы еніп, ішекте көбейеді. Содан кейін ол қоршаған ортаға нәжіс арқылы енеді, онда ол қауымдастық ішінде тез таралуы мүмкін, әсіресе нашар гигиена мен антисанитарлық жағдайда таралады.
Жұқтырған адамдардың көпшілігінде (90%) белгілері жоқ немесе әлсіз және әдетте танылмаған болды. Басқаларында алғашқы белгілер:
- қызба,
- шаршау,
- бас ауруы,
- құсу,
- желке сіреспесі,
- аяқ-қолдарының ауырсынуы.
Полиомиелитке қарсы дәрі-дәрмектер жоқ, симптомдарды жеңілдету үшін тек емдеу әдісі бар.
Асқынулар
Полиомиелиттің асқынулары көп және парездер мен сал ауруының дамуымен байланысты:
- полиомиелиттік сал ауруы
- пневмония
- миокардит
- асқазанның жедел кеңеюі
- асқазан-ішектен қан кету
- ішек өтімсіздігі
Полиомиелиттің асқынуын вакцинация арқылы болдырмауға болады.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
АбКДС-Хиб-ИПВ вакцинасына қарсы жалпы көрсеткіштер
- вакцинаның кез келген ингредиентіне, сондай-ақ вакцинаны өндіру кезінде пайдаланылатын және белгілі мөлшерде ізі қалуы мүмкін глутаральдегидке, неомицинге, стрептомицинге және В полимиксиніне белгілі аса жоғары сезімталдық реакциясы
- тырыспамен немесе онсыз жүретін прогрессивті энцефалопатия (неврологиялық патология). Bordetella pertussis антигендері (тұтас жасушалы немесе жасушасыз) бар кез келген вакцинаны енгізгеннен кейін 7 күн ішінде дамыған энцефалопатия
- алдында енгізілген осы вакцинаға аллергиялық реакциялар
Жағымсыз әсерлер
Өте жиі ≥1/10, 10%-дан артық | Жиі ≥1/100, бірақ <1/10, 1%-ден артық, бірақ 10%-кем | Сирек ≥1/1,000, бірақ <1/100, 0,1%-дан артық, 1%-дан кем | Өте сирек <1/10,000, 0,01%-кем |
---|---|---|---|
тәбеттің жоғалуы күйгелектік, тітіркену қалыпты жылау ұйқышылдық құсу инъекция орнында: эритема, ісіну, ауырсыну қызба ≥ 38ºС | ұйқысыздық, ұйқының бұзылуы диарея инъекция орнында тығыздалуы | ұзақ тынымсыз жылау инъекция орнында ≥ 5 см қызару және ісіну қызба ≥ 39ºС | қызба > 40ºС Haemophilus influenzae b типті компоненті бар вакцинаны енгізу нәтижесінде бір немесе екі аяқтың ісінуі. 24 сағат ішінде қалдық құбылыстарсыз өтеді. Цианоз, эритема, ауыспалы пурпура және қатты жылаумен бірге жүруі мүмкін. |
Вакциналардың құрамы, қолданылуы және көрсетілімдері туралы қосымша ақпаратты ndda.kz/category/vakciny — ресми сайттан табуға болады